Мемлекеттік сатып алу шарттарына өзгеріс енгізілді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Мемлекеттік сатып алу шарттарына өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет тізбесін сатып алуды жүзеге асыру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді.

«ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №798 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына мынайдай өзгерістер енгізілсін: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы бұйрық қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», делінген құжатта.

Ол қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу рейтингтік-баллдық жүйе бойынша конкурс тәсілімен жүзеге асырылады. Ол бұрын тек конкурс арқылы жүзеге асырылатын.

Сонымен бірге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды сатып алу рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.

Жаңа шартқа сәйкес сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген электрондық өнеркәсіп бағдарламалық құралдары мен өнімдерінің санаттарына (ақпараттандыру объектілерінің жіктеуішіне сәйкес) жататын тауарлар және осы тауарларды уақытша пайдалануға арналған ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу алдын ала квалификациялық конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.

Бұйрық 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз