Шағын бизнестің несиеге деген сұранысы 21 пайыз өскен

Жарияланды

2023 жылдың ІІ тоқсанында еліміздегі шағын бизнестің кредитке деген сұраныс артқан. Ұлттық банк 19 ЕДБ арасында жүргізген сауалнама нәтижесі шағын кәсікерлердің тарапынан түскен өтініш 21 пайыз өсіп, 687 мыңға жеткенін байқатады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаевтың айтуынша, шағын бизнес тарапынан сұраныс индексінің өсуі мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыландырудың қайта басталуымен байланысты.

Сонымен қатар ол банктердің серіктестер тізімі мен өнім қатарын кеңейтуінің әсері болғанын атап өтті.

Ал орта бизнес тарапынан кредитке сұраныс индексі аса өзгермей, жекелеген ірі банктердегі сұраныстың елеусіз ұлғаюы аясында оң аймақта қалыптасты.

Алайда, бірнеше банкте берілген өтінімдердің саны азайған. Сөйтіп, орта бизнестен түскен кредиттік өтінімдердің жалпы саны 19%, 5,3 мыңға дейін төмендеді.

Ірі бизнес субъектілерінің де несиеге деген сұранысы аздап төмендеді. Банктердің пікірінше, бұл несиелеу шарттары мен қолайсыз макроэкономикалық факторларға байланысты. Осылайша, ірі бизнестегі кредиттік өтінімдердің жалпы саны 15%-ға (т/т) 217- ге дейін төмендеді.

«Корпоративтік сектор үшін банктерді несиелеу шарттары негізінен өзгерген жоқ. Дегенмен, жекелеген ірі банктер өтініштерді қарау параметрлерінің біршама жеңілдетілгенін, скорингтік модельдердің іске қосылғанын және жақсарғанын атап өтті. Келесі тоқсанда банктердің көп бөлігі негізінен бөлінген қаражатты алдын ала игеру және мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыруды тоқтата тұрудан бизнес тарапынан кредитке деген сұраныс төмендейді деп күтеді»,- делінген хабарламада.


II тоқсанда жеке тұлғалардың несиеге деген сұранысы көбіне тұтынушылық
несиелер есебінен өсті. Кепілсіз несиене 18,8 млн өтініш түсіпті. Ал автониесие алғысы келгендердің қатары 700 мыңға жуық болған. Алайда кейбір банктер автокредитке қойылатын талаптарды қатаңдатып жатыр. Сонымен қатар, ипотекалық кредиттерге сұраныс индексі де оң аймақта қалыптасқан.

Сондай-ақ оқыңыз