Алматы әуежайы жыл басынан бері 5,2 млн жолаушы қабылдаған

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматы әуежайындағы Халықаралық жолаушылар терминалын өткізу қабілетін жылына 14 млн жолаушыға дейін арттырады. Оның құрылысы 2024 жылы жазда бітеді. Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Ерсойдың айтуынша, жаңа ғимараттың құрылысы терминалдың тіке жолдарына борт көлеміне байланысты бір уақытта жеті ұшаққа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі қолданыстағы терминалдардың өткізу қабілеті жоғары емес. Биыл 7 айда Алматы әуежайы 5,2 млн жолаушы қабылдаған, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 36%-ға жоғары.

Жолаушылар терминалының ауданы 55000 м2 құрайды. Дизайнға сәйкес, құрылым қолданыстағы терминал ғимаратына жер үсті өткелі арқылы қосылады. Жаңа үй-жай жолаушыларға ғимараттың сыртына шықпай-ақ ішкі және халықаралық рейстерден оңай ауысуға болады.

Жаңа терминалдың ерекшелігі – EDGE стандартының advanced деңгейіне сәйкес. Ол электр энергиясын 40 пайыз, пайдаланылатын суды 20 пайыз үнемдеуге мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар жолаушыларға ыңғайлы болу үшін 2022 жылдың күзінде ішкі ұшу жинақтағышы, биыл шілде айында халықаралық ұшу секторындағы (2 дана) отырғызуға шығу жолдары, тамыз айында халықаралық ұшып келу орнында қосымша екі  паспорттық бақылау кабиналары орнатылған.

Екінші қабатқа кіретін пандусты реконструкциялауға байланысты келетін және кететін автокөліктер бірінші қабатта топтатып, нәтижесінде жол жүруде қиындықтар туындаған. Жаңа пандус 29 тамызда ашылады және әуежай автотұрағындағы кептелісті азайтады.

Осымен қатар 250 орындық қосымша автотұрақ ашылмақ.

Алматы әуежайының президенті қосымша инвестициялар пысықтау сатысында тұрған Мастер жоспарға сәйкес,  ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, жүк қоймасының алдындағы жаңа жүк перроны, мұзды сұйықтыққа қарсы жинауға арналған дренаждық жүйелер т.б. жүзеге асырылатынын хабарлады.

Алматы әуежайын TAV Airports холдингі 2021 жылы 415 миллион долларға сатып алған еді.

2022 жылдың шілдесінде TAV Airports холдингінің жыл басында жаңа терминалдың құрылысын бастағаны хабарланған болатын. Сол кезде қоғам белсенділері 1936 жылы салынған тарихи ескерткішті бұзуға қарсы болып, алайда компания сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына сай терминалды сақтау мүмкін емес деп мәлімдеді.  

Сондай-ақ оқыңыз