АҚШ экономикасындағы белгісіздік. Ал, Қытай экономикасындаа әлсіреу қаупі басым. Әлемдегі екі ірі нарықтағы жағдай бағалы қағаздар құнына да әсер етті. Қазақстан қор биржасы нарыққа жасалған кезекті шолуды жариялады.
АҚШ қор нарығында сейсенбі күні Dow Jones пен S&P 500 индекстері 0,51% және 0,28% төмендеді Оған S&P Global Ratings пен Moody’s Investors Service агенттіктерінің экономикалық белгісіздік аясында АҚШ-тың кейбір банктерінің рейтингін түсіруі себебінен қаржы секторындағы құлдырау ықпал етті.
Ал Nasdaq Composite 0,06% ұлғайды, өйткені Tesla мен Apple акцияларының қымбаттауы Nvidia мен AMD қағаздарының арзандауына қарсы тұра алды, осылайша S&P 500 индекстерін төмендеуден сақтап қалды. АҚШ-қа келетін шетелдік туристер санының азаюы салдарынан Macy’s акциялары 14,2% арзандады. Ал, жылдық болжамда түсім азаяды деп көрсеткен Dick’s Sporting Goods акциялары бірден 24,2% арзандады. Lowe тоқсандық нәтижелері оптимистік бағытта қалыптасқандықтан, қағаздары 3,7% өсті.
Еуропа қор нарықтарында: DAX пен Stoxx 600 индекстері 0,7% артты, оған технологиялық және тау-кен өндіру компанияларының бағалы қағаздары үлес қосты. Microsoft Activision Blizzard компаниясын сатып алу туралы мәміле аясында Ubisoft-ке стримиң ойындар құқын беретіні туралы жария еткен соң, соңғысының қағаздары 9% қымбаттады. Ал, АҚШ-та тіркелген Dick’s Sporting Goods кірісі туралы нашар болжам жариялағандықтан, JD Sport пен Puma секілді спорт киімдерін өндіретін компаниялардың да акциялары арзандады.
Жапония: PMI бойынша оптимистік деректер жариялаған Nikkei 225 индексі 31 930-тан асып, 0,2% көтерілді. Елдегі өндірістік белсенділік тамыз айында біршама жақсарды, ал қызмет көрсету саласы үш ай ішінде жоғары қарқын алды.
Қытай: Shanghai Composite индексі 0,5% құлап, 3 105 болды. Оған Қытай экономикасының әлсірей бастауы себеп. Бұған қоса ел үкіметі экономиканың өсуіне қолдау көрсетуге ниетті емес, бұл инвесторлардың да көңіл-күйіне әсер етті. The Pacific Securities (-7,4%), Zhongji Innolight (-5,6%) және Foxconn Industrial (-5,5%) бағасы едәуір төмендеді.
Мәскеу биржасының индексі 0,77%-ға 3 164,25-ке дейін өсті.
Тауар нарықтары: Brent маркалы мұнай бағасы сәрсенбі таңғы саудада барреліне 84,24$ болды. WTI – 80,35$
Сәрсенбі таңғы саудада DXY доллар индексі 103,52 пунктте саудаланды.