Nostrum Oil-дың мұнайдан түскен пайдасы өткен жылмен салыстырғанда екі есе төмендеген

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Nostrum Oil & Gas PLC – мұнай және газ өндірумен, барлаумен және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы Каспий бассейніндегі мұнай және газ кен орындарына қатысты 2023 жылдың 30 маусымында аяқталған екінші тоқсан мен алты айдың қаржылық нәтижелерін жариялады.

Топтың кірісі 52,8 миллион долларды құрады. 2022 жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 107,8 миллион доллар болған. Себебі Brent маркалы мұнайдың орташа сатылған бағасы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында барреліне 104,7 доллар болса, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 79,9 долларды құрады. Сонымен бірге, кірістің төмендеуі өндіріс көлемінің қысқаруына және оған орташа бағаның салыстырмалы түрде төмендеуіне де байланысты.

EBITDA1 15,5 миллион АҚШ долларын және EBITDA1 маржасы 29,4%-ды құрады.Ал 2022 ж. 1-ші жартыжылдықта 68,8 миллион АҚШ доллары, сәйкесінше маржасы  63,8%-ды құраған. 2023 жылғы 30 маусымдағы ақша қаражатының шектеусіз қалдығы $192 млн болды.

Жұмыс өнімділігіне келер болсақ, өңдеуден кейінгі орташа тәуліктік өнім 10 048 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 14 167 тонна болған. Орташа тәуліктік сату көлемі 9 020 долларды құрады. 2022 жылдың 1 жартыжылдығында ол 13 102 доллар көлемінде болды.

Есепті кезең аяқталғаннан кейін Топ «Степной Барс» кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін «Позитив Инвест» ЖШС 80% қатысу үлесін сатып алуды аяқтады. Басшылықтың бағалауы бойынша, «Степной Барс» кен орындарының қоры 50-150 миллион баррельді құрайды және 20%-дан астам сұйық көмірсутектері бар. Осы орайда Nostrum кейбір ресурстарды қорлар ретінде қайта жіктеуге мүмкіндік беретін техникалық тексеру есебін дайындау мақсатында кен орындарын бағалауды бастады.

«Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша компания қолданыстағы газлифт жүйесінің қуатын екі есе арттыру және жетілген Чинаревское кен орнындағы өндірістің құлдырауын бәсеңдету үшін жаңа компрессорды сәтті іске қосты. Компрессорды іске қосқаннан кейін бірден байқалған өндірістің артуы басшылық күткен көлемдерден жоғары болды, сондықтан үшінші тоқсандағы жұмыс нәтижелерін жариялау кезінде. 2023 Nostrum өндіріс болжамын жаңартуды көздеп отыр», делінген компания есебінде.

Есепті кезең аяқталғаннан кейін Директорлар кеңесі Чинаревское кен орнында шектеулі ауқымды бұрғылау бағдарламасын бекітіп, оны іске асыруды 2023-2024 жылдарға жоспарлады. Бұл бағдарламаның жалпы құны 26 миллион долларға бағаланады.

Сонымен қатар, компания есебінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында атмосфераға шығарындылар көлемі 2 277 тоннаны құрағандығы жазылған. Қазақстанның 2023 жылға арналған Экологиялық кодексі бойыншашығарындылар шегі 6 309 тонна көлемінде белгіленген.

Nostrum Oil & Gas PLC – мұнай және газ өндірумен, сондай-ақ Каспий бассейніндегі мұнай және газ кен орындарын барлаумен және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы. Оның акциялары Лондон қор биржасында және Астана халықаралық биржасында орналастырылған. Компанияның негізгі өндіруші активі – «Жайықмұнай» ЖШС басқаратын Чинаревское кен орны. Бұл кен орнындағы жер қойнауын пайдалану құқығының 100 пайызы «Жайықмұнай» ЖШС-не тиесілі. Ал «Жайықмұнай» ЖШС-не «Nostrum Oil & Gas PLC» иелік етеді.

Сондай-ақ оқыңыз