ЕуроОдаққа Қазақстан арқылы заңсыз өтпек болған шетелдік 9 азамат ұсталды

Жарияланды

Фото: ҰҚК

ЕуроОдақ елдеріне Қазақстан арқылы заңсыз өтпек болған 9 шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлайды.

Оларды 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ұстаған.

Ал 17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандарға үкім шығарған.

Шекара қызметінің мәліметінше, жыл басынан мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталыпты.

9 тамыз күні ҰҚК Қазақстанға турист ретінде келіп, Ресей арқылы Еуропаға бармақ болған шетелдік 5 азаматтың ұсталғанын хабарлаған еді.

Бұған дейін ҰҚК 6 айда шекарада 1 тоннаға жуық есірткі тәркіленгенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз