Қазақстанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасында (ҰКП) міндетті мүшелік жарналарды төлеу ережесі өзгереді. Үкімет арнайы қаулы жариялады.
«Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1555 қаулысы; 2) «Іскерлік серіктестердің тізілімін құру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 372 қаулысы», делінген қаулыда.
Құжат Үкімет сайтында 22 тамыз күні жарияланған. Қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.