Наурызбай ауданы тұрғындармен кездесуі барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Шымбұлақтан жер алған алпауыт байлардың аты-жөнін білмейтінін мәлім етті.
Жиынға қатысушылардың бірі әкімге осы мәселеге қатысты сауал қойған еді. «Әкімшілік антикормен бірге жемқорлық тәуекелдерін тексеру жүргізіп, шенеуніктермен аффирленген Forbes тізіміндегі 4 бизнесменнің Шымбұлақтан жер алғанын анықтаған болатын. Олардың аты-жөнін атаңызшы, сіз білесіз бе?», деді сауал қоюшы.
«Жоқ, білеймін. Жалпы тізім үлкен және олар осы тізімнің аясында жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмыс превенция аясында басталды. Превенция мен антикормен бірлесе ауқымды жұмыс бастады. Салынған құрылыстарды, берілген рұқсаттарды, жер учаскелерін тексерді. Барлығы да белгіленген тәртіппен жүріп жатыр. Қаласаңыз, департаментке ресми сауал жолдаңыз. Олар жауап береді деп ойлаймын», деді Ерболат Досаев.
1 шілде күні Алматының таулы аймақтарында 52 нысан заңсыз салынғаны хабарланған болатын. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы әкімдігімен бірлесіп әкімдіктің, сәулет және құрылыс саласындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауы барысында белгілі болды.
Осыдан кейін Алматы қаласының әкімдігі жер комиссиясы институтын тарататыны хабарланды. Барлық қала құрылысы регламенттері, жер учаскелері және инженерлік желілердің қолжетімділігі туралы ақпарат қаланың цифрлық картасына енгізілген және бизнес пен халық үшін ашық болады.
19 шілде күні Алматы қаласының жер және қала құрылысы салаларында жемқорлық тәуекелдерін анықталғанын, Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Әкімдіктің лауазымды адамдары жердің нысаналы мақсатын өз қалауы бойынша өзгертіп отырған. Мысалы, саяжай учаскелерінің орнына ЖТК салынған. Мұндай өзгеріс салдарынан кадастрлық құн айырмашылығын төленбеген. Мысалы, 2021 жылы қала тұрғындарының бірі 2 гектар жер учаскесінің нысаналы мақсатын «ЖҚШ»-дан «ЖТҮҚ» – ға өзгерткен. Алайда кадастрлық құнның 126 млн теңге мөлшеріндегі айырмасы төленбеген.
Үшіншіден, әкімдіктің лауазымды адамдары сауда-саттық жасамастан кәсіпкерлерге инвестициялық жобаларға арналған учаскелерді жалға берген. Жалған пайдалануға беру арқылы жерлер жеке меншікке сатып алынған. Бұдан мемлекет жоғалтқан шығын шамамен 400 млн теңгені құраған.
Төртіншіден – құрылыс процестері жемқорлық факторларына толы боп шыққан.