1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Жарияланды

Фото:

1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Өкімге қол қойды, деп хабарлайды баспасөз қызмеді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.  

Мемлекет басшысы 2023 жылы 19 қаңтарда Парламет мәжілісін таратып, 19 наурызға кезектен тыс мәжіліс сайлауын тағайындаған болатын. Сайлау нәтижесінде мәжіліске 6 партия өтті.

30 маусымдағы бірлескен отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қос палатаның жұмысын қорытындылаған болатын. Сегізінші сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясы небәрі 100 күнге созылды.

«Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды.Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан астам мәселе қаралды. Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды. Қазіргі сайланымның басты ерекшелігі – көптеген маңызды заң жобаларының депутаттардың бастамасымен әзірленуі. Депутаттар бастамашы болған заң жобаларына сайлаушылардың талап-тілегі, мұң-мұқтажы, ел президентінің тапсырмалары арқау болды», – деген еді Қошанов.

Сондай-ақ оқыңыз