Жаңалықтар

Электрсамокатпен жүру ережесін бұзғандарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады – Алматы полициясы

Фото: kursiv.media

Алматы қаласы полиция департаменті қала тұрғындарына самокатпен жүрі ережелерін ескертті. Электр көлігімен велосипед жолдарымен, жол жүру бөлігінің оң жақ шеткі жолағымен және тротуармен жүруге болады.

Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек самокат жүргізушілеріне қойылатын талаптарды айтып берді.

«Енгізілген өзгерістерге сәйкес, электр самокаттардың жүргізушілері велосипед жолымен жүреді. Олар болмаған кезде заңмен енгізілетін шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, жол жүру бөлігінің оң жақ шеті бойынша электр самокаттардың жүруіне жол беріледі», – деп атап өтті спикер.

Самокат жүргізушілеріне қойылатын талаптар: электр самокаттардың жүргізушісі кемінде 18 жаста болуы керек;
басына дулыға және жарыққа шағылысатын киім киюі керек;
кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.

Заң бойынша тиым салынады: мопед, электросамокат, велосипед жүргізушілеріне:

  • рульді бір қолмен болсын ұстамай жүргізуге:
  • бір бағытта қозғалыс үшін бір жолақтан көп жолдардағы трамвай қозғалысы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;
  • мопедтермен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйреуден басқа мопедтерді, электросамокаттарды және велосипедтерді сүйреуге:
  • көлік құралында бола тұра жаяу жүргіншілер өткелдерінен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге:
  • басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуді қамтамасыз ететін, жол жүру ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін шағылысатын затсыз жолдың жүру бөлігінде түнде жүруге;
  • жолдың жүріс бөлігінде жүргенде, бекітілген дулығасыз жүруге тиым бар.

Айыппұл көлемі қанша? Ережелердің бірін бұзған жағдайда жүргізушілер екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, бұл – ҚР ӘҚбК-нің 593 бабы (Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау) және ҚР ӘҚбК-нің 620 бабы (жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін).
Аталған баптардың санкцияларына сәйкес, құқық бұзушыларға 5 АЕК немесе 17 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Бұған дейін, кәмелекте толмағандардың электросамокат тебуіне тыйым салынатынын жазған едік. Электросамокаттардың қозғалысын реттеу туралы заңға Президент қол қойған болатын.