Еурокомиссия Қазақстан мен Түркияға қатысты тергеу жұмыстарын бастады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Еурокомиссия Қазақстан мен Түркияны ресейлік фанераның реэкспортын ұйымдастырды, демпинг жасап, санкцияларды айналып өтті деген күдікпен тергеу бастады. Бұл туралы Еуропалық Одақтың ресми сайтында жарияланған құжатта жазылған.

Еурокомиссия тұжырымынша, Түркия мен Қазақстаннан Еуропалық Одақ елдеріне қайың фанерасы жеткізілген. Алайда тауардың шығарылған елі расталмаған. Сондай-ақ тасымалдау кезінде қос ел ресейлік фанераға қатысты Еуропа қолданатын демпингке қарсы шараларды айналып өткен. Осы деректер бойынша ведомство тергеу жүргізуде.
Комиссия материалдарына сәйкес, тергеу дүйсенбі күні Еуропалық ағаш өңдеу өнеркәсібі консорциумының (Woodstock Consortium) өтініші бойынша басталған. Бұл TN VED 4412 33 коды бойынша тіркелген қайың фанеріне қатысты іс.

«Түркия мен Қазақстаннан келетін жеткізілімдер Ресей Федерациясынан қайың фанерасының импортына қойылған шектеулерді айналып өту үшін пайдаланылуы мүмкін», – деп мәлімдеді Еурокомиссия.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың шілдесінен бастап ЕО ресейлік ағаш өңдеу кешенінің (LPK) барлық дерлік өнімдерін, оның ішінде қайыңнан жасалған өнімдерді жеткізуге тыйым салды.

ұдан бұрын, 2021 жылы Еуропалық Одақ Ресей Федерациясынан қайың фанеріне өндірушіге байланысты 14,4%-дан 15,72%-ға дейін демпингке қарсы баж салығын енгізген болатын. Баж салығының өскеніне қарамастан, Ресейден жеткізілім толық тыйым салынғанға дейін ЕО елдерінің қайың фанеріне қажеттілігінің жартысына жуығын қамтамасыз етті. Санкциялар енгізілгеннен бері ресейлік өндірушілер фанера экспортын Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріне қайта бағыттады

Жаңалықтарды телеграм каналымыздан оқыңыздар -->

Сондай-ақ оқыңыз