«Халық қатысатын бюджет»: бір жобаға 86,2 млн теңге қаражат қарастырылған

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініш қабылдау осы жылдың 1 қыркүйекгіне басталады. Бұл жобаға Алматы қалласының тұрғындары қатыса алады.

«Алматы аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру бойынша өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен басталып, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады. Сараптамалық кеңестердің бағалауынан өткен және дауыс беруде көшбасшы болған жобаларды Алматы аудандық әкімдіктері 2024 жылы іске асырады», делінген хабарламада.

Қала тұрғындары өз бастамасын budget.open-almaty.kz-ке жолдауы тиіс. Ол құжатта жобалық ұсыныстың атауы мен сипаттамасы, орналасқан жерінің мекен-жайы, болжамды фотосуреті немесе эскизі, жобалық ұсыныстың сметасы қамтылуы тиіс. Жалпы бір жобалық ұсыныстың құны 86,2 млн теңгеден аспауы тиіс.

Жобалық ұсыныстар тоғыз санат бойынша қабылданады:

  • көгалдандыру;
  • тротуарларды жайластыру;
  • тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер)құру, жөндеу және жарықтандыру;
  • жиектерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;
  • полигондарды жою;
  • балалар ойындары мен ересектердің демалысы үшін, жалпы пайдалану орындарында беседкаларды, орындықтарды, урналарды, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
  • аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорт алаңдарын (тренажер алаңдары, футбол, баскетбол, волейбол алаңдары), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
  • санитарияны қамтамасыз ету.
Сондай-ақ оқыңыз