Күнбағыс дақылынан түсетін өнім 17%-ға азайған: сұйық май қымбаттауы мүмкін бе?

Жарияланды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Биылғы құрғақшылықтан Шығыс Қазақстан мен Абай, Павлодар облыстары егістіктері де зиян шекті. Вегетациялық кезеңде жауын-шашынның аздығына байланысты күнбағыс егістіктері зардап шегіп, бұл өнім түсімі 17 пайызға қысқарған. Бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын күнбағыс майының қымбаттауына әсер етуі мүмкін бе?

Қазақстанның майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов күнбағыс майының бағасын тұрақты деңгейде сақтап тұру үшін Сауда және интеграция министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен арнайы меморандумға қол қойғанын айтты.

«Қауымдастық Сауда және интеграция және Ауылшаруашылы министрлігімен бірге меморандумға қолы қойып, күнбағыс майының өзіндік құны 750 теңдеген аспайды деп келіскен болатынбыз. Біз бұл келісімді бұзған жоқпыз. Бірақ биыл бұл өнімге қатысты жағдай сәл күрделірек болайын деп тұр. Себебі, біз жақында егістіктерге барып жағдаймен таныстық. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай облыстарында жағдай расымен қиын. Бұл өңірлерде вегетациялық кезеңде жауын аз болып, соның салдарынан түсетін өнім көлемі аз болады деп күтілуде. Біздің есебімізше, биылғы өнім көлемі 850 мың тоннадан аспайды. Қазіргі таңда бұл өңірлерде сатылатын шемішке жоқ», дейді қауымдастық өкілі.

Қауымдастық басшысының айтуынша, бұл көлем өткен жылғы түсімнен әлдеқайда аз. Десе де, бұл жағдайда ішкі нарықты қорғап қалуға болады. Мәселен, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Укаринаға басып кірген соң, әлемдік нарықта күнбағыс майы айтарлықтай қымбаттап, шетелде оның құны 2 мың долларға дейін жеткен. Бұл өнімнің құны 59 пайызға артқан. Ал Қазақстанда сол уақытта жағдай тұрақты болып, бағалар 19 пайыздан аспаған. Біздің елде ол уақытта айтарлықтай тұрақтылық сақталған. Тамыздан бері күнбағыс майының құны әлемдік нарықта қайта көтеріле бастаған.

«Биылғы көлем өткен маусымда түскен көлемнен 17 пайызға аз. Осы орайда ішкі нарықты сақтандыру мақсатында біз тиісті министрліктермен пролонгация жасап, ел нарығында тұрақты бағаларды ұстап тұруды қамтамасыз ете аламыз», дейді Ядыкар Ибрагимов.

Сондай-ақ оқыңыз