ҰҚК басшысы Президентке Қазақстан аумағында террористік актілердің алдын алу туралы баяндады

Жарияланды

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Ермек Сағымбаев ведомствоның биылғы үшінші тоқсанның басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі мен бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді.

Қазақстан аумағында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған радикалды топтың құрықталғаны туралы баяндады.

Атап айтқанда:

– террористік қылмыстар бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, 3 экстремист сотталған;
        – терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы 103 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырған;

Сонымен қатар, криминогендік ахуалды жақсарту жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

Атап айтқанда:

– қоғамға қауіп төндірген 5 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді;

  – заңсыз қару айналымына қатысы бар 2 арна жойылған. Ұлттық қауіпсіздік органдары полициямен бірлесіп, қару жасырылған 12 орынды анықтаған. Жалпы саны 59 қару, 3 граната және 3 339 оқ-дәрі тәркіленген;


       – есірткіге қарсы күрес барысында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілген;

 – 660 келіден астам есірткі және 17 тоннадан аса прекурсор тәркіленген;

 – мемлекеттік шекараны қорғау және заңсыз көші-қонмен күрес саласында 4257 құқық бұзушы ұсталған;

– құны 3,8 миллиард теңгеден асатын валюта мен тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеген;

– қару, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 120 әрекетке тосқауыл қойылған;

– ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған 36 миллионнан астам кибершабуыл мен 866 DDoS-шабуыл тойтарылған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыс бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз