АҚШ пен Еуропа қор нарықтары өсім көрсетіп жатыр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

АҚШ қор нарығының негізгі акциялары тамыз айының соңғы аптасын оң мәнде бастады. Dow Jones – 0,62%, S&P 500 – 0,63% және Nasdaq Composite 0,84% көтерілді.

Қытай билігінің биржалық саудаға салынатын баж салығын екі есе азайтамыз деген мәлімдемесінен кейін, АҚШ қор нарығында тіркелген қытайлық Alibaba және JD.com компанияларының акциялары тиісінше 2,7% және 2,6% қымбаттады. 330 000-нан астам сот ісін шешу үшін компания 5,5 миллиард доллар төлеуге келіскені жайлы жаңалықтардан кейін 3M акциялары 5,2%-ға қымбаттады. Nvidia (1,8%) және Meta (1,7%) өсті, ал Amazon акциялары сәл арзандады.

Еуропа қорлары да дүйсенбіде көтерілді, DAX және Stoxx 600 индекстері 1%-ға өссе, ал технологиялық компаниялардың акциялары қатарынан 3 сессия арзандап барып, 1,8%-ға көтерілді. Қытаймен байланысты салалар, мысалы, автомобиль жасау және өңдеу өнеркәсібіндегі компания акциялары 0,9% және 1,3% қосты. Қытайға бағдарланған LVMH, Kering және Hermes акциялары да өсті. Банк акциялары 1%-дан астам өсті.

Жапонның Nikkei 225 индексі сейсенбіде 0,5%-ға көтеріліп, 32 258 тармаққа жетті. Жапониядағы жұмыссыздық деңгейі маусымдағы 2,5%-дан шілдеде күтпеген жерден 2,7%-ға өсті.Mitsubishi Heavy Industries (1,7%), Daikin Industries (2,4%) және Tokyo Electric Power (4,2%) акциялары айтарлықтай өсті.

Shanghai Composite индексі сейсенбіде Қытай билігі капитал нарығын ынталандыратын шараларды қолға алған соң, 0,8% өсіп, 3,122-ге жетті. Технология және энергетика компаниялардың акциялары өсім көш басында тұр: Beijing Advanced (20%), Shanghai Golden Bridge (4,8%) және Contemporary Amperex (3,3%).э

Мәскеу биржасының индексі дүйсенбіде 1,31%-ға өсіп, 3198,72 тармақты құрады.

Қазақстан қор биржасының KASE индексі 0,10 пайыз өсіп, 3800,97 тармаққа жетті.

Сондай-ақ оқыңыз