Қазақстанға рулі мен шанағы оң жақта орналасқан көліктерді кіргізуге 6 айға тыйым салынады. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.
Рульдік басқару және олардың шанақтары оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 47-бабына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес тыйым салынған.
«Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 8703; 8703 21 109 1 қоспағанда 8703 21; 8703 22; 8703 23; 8703 24; 8703 31; 8703 32; 8703 33; 8703 40 109 қоспағанда 8703 40; 8703 50; 8703 60 109 қоспағанда 8703 60; 8703 70; 8703 80 000; 8703 90 00; 8706 00 910; сондай-ақ олардың шанақтары 8707 10 900 0; 8707 90 900 9 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген құжатта.
Яғни, Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы елдерден осындай санаттағы кейбір көліктер Қазақстанға кірмейді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықта көзделген тыйым салу жөніндегі шешіммен таныстыру тапсырылған.
Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық экономика министрлігімен қабылданған. Жоба 13 қыркүйекке дейін талқылауда болады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.