Алматыда 115 мыңнан астам студент 1 қыркүйектен бастап жоғары шәкіртақы алады

Жарияланды

Президенттің тапсырмасымен 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері көбейеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда бұл өзгеріс 35 жоғары оқу орны мен 85 колледждің 115 мыңнан астам студентіне қатысты.

Бакалавриат студенттері үшін 20%-ға, магистратура-докторантурада оқитындарға 15%-ға, ал техникалық және кәсіптік білім алушы студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі.

Сондай-ақ оқыңыз