Астананың мәдениет басқармасы Максим Галкиннің мәлімдемесіне жауап берді

Жарияланды
галкин
Фото: instagram.com/maxgalkinru/ видеодан алынған кадр

Астана қаласының мәдениет басқармасы, ұйымдастырушылар қайта жүгінген жағдайда, тиісті заңнамаға сәйкес Максим Галкиннің кешін өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі телеграмм арнасына хабарлама жариялады.

Максим Галкиннің кешін өткізуге бас тартылғаны рас па? Мәдениет басқармасының хабарлауынша, кешті өткізуге қарсылық болмаған.

2023 жылдың 1 наурызында Астана қаласының «Мәдениет басқармасына” 2023ж. 8 қазанда Роза Бағланова атындағы «Қазақстан» орталық концерт залында Максим Галкиннің кешін өткізу туралы “TopBilet» ЖК директоры Р.Р.Аслановтан № 271 кіріс хаты келіп түсті.

8 қазанда мұғалімдер күніне арналған концерт өткізілетіндіктен, кешті ұйымдастырушыларға басқа күнді немесе басқа ғимаратты таңдау ұсынылды. Ұйымдастырушылар басқармаға қайта жүгінбеген.

Аталған кешті өткізу мүмкіндігі бар ма? Астананың мәдениет басқармасы ұстаздар күніне арналған концертті басқа концерттік залда өткізуді жоспарлап отыр. Сондықтан, Максим Галкиннің кешін ұйымдастырушылар қайта басқармаға жүгінген жағдайда, ұйымдастыру комитеті тиісті заңнамаға сәйкес оны өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын.

Бұған дейін ресейлік артист, актер Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізуге қатысты қиындық туындағанын мәлімдегенін жазған едік. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оның концерттеріне мемлекеттік деңгейде тыйым салынғанын айтты.

«Бір қызығы Қазақстанда концерт өткізуге қатысты қиындықтар бар. Оның ішінде мемлекеттік деңгейде Астана мен Алматыда менің концертімді өткізуге кедергі келтіріп жатыр», – деді Галкин.

Айтуынша, бірнеше айдан бері Қазақстан концерт өткізуге рұқсат сұраған, алайда бұл әрекетінен нәтиже шықпаған.

Сондай-ақ оқыңыз