Биыл экономикалық өсім 5% деңгейінде болады деп күтілуде – Премьер-министр

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Биыл экономикалық өсім 5% деңгейінде болады. Бұл жайлы Amanat партиясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

«Пандемия мен күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында ел экономикасы сенімді өсім көрсетуде. Ағымдағы жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,8%-ті құрады. Биыл экономиканың өсімі 5% деңгейінде болады деп күтілуде. Барлық негізгі салаларда оң динамика байқалады», деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, осыжылы жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 13,3 мың долларға дейін өскен. Осы оң динамикалар нәтижесінде инфляция екі есе төмендемек.

«Сыртқы сауда айналымы биыл 140 млрд долларға дейін ұлғаяды. Қазір еліміздің халықаралық резервтері 95 млрд долларды құрайды. Инфляция біртіндеп төмендеуде. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда жылдың соңына дейін 2 есе төмендейтін болады», деді Әлихан Смайылов.

Отырыста Үкімет басшысы Жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысының алдыңғы жолдауларда берген тапсырмалары жалпы орындалды деп айтуға болады.Жүйелі және ұзақ мерзімді тапсырмаларды іске асыру жалғасуда. Жаңа және әділетті Қазақстанды құру жолында маңызды қадам жасалды деп ашық айтуға болады. Бүгін мен бірқатар жұмыс нәтижелеріне ғана тоқталдым. Үкімет Парламентпен бірлесіп, алға қойылған міндеттерді іске асыру жұмысын жалғастырады», деді Пемьер-министр.

Сондай-ақ оқыңыз