Google смартфон мен «ақылды» сағат шығарды

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Google 4 қазан күні жаңа смартфондар мен Pixel сағатын таныстыруы мүмкін. Alphabet Inc. құрамына кіретін компания дәстүрлі Made by Google шарасын 4 қазан күні өткізеді, делінген Google Store сайтында.

Made by Google аясында интернет-гигант жаңа өнімін таныстырады. Биыл Pixel 8 және Pixel 8 Pro смартфондары таныстырылады деп күтіліп отыр,

Сонымен қатар, Google Pixel Watch 2 ақылды сағатын таныстырады деп жоспарланып отыр.

Made by Google Нью-Йорк қаласында өтеді және YouTube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

Сонымен қатар, Apple Inc. компаниясы да жаңа өнімдерін таныстыратыны туралы хабарланған болатын. 12 қыркүйекте өтетін шарада iPhone 15 пен Apple Watch ақылды сағаттарының 9-ы сериясы көпшілікке ұсынылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз