Microsoft Еурокомиссия ескертуінен соң топтамадан Teams қолданбасын алып тастайды

Жарияланды
shutterstock

Microsoft Corp. 1 қазаннан бастап Еуропалық экономикалық аймақта және Швейцарияда Microsoft 365 және Office 365 бағдарламалық жиынтықтарынан бейнеконференцияға арналған Teams қолданбасын алып тастайды.

Майкрософт бұл алдын алу шарасы, компания Еуропалық Комиссияның (EК) алаңдаушылығын жоюға көмектеседі деп үміттенеді. Айта кетейік, ЕК өткен айда Teams -тің бағдарламалық өнімдерге біріктірілуі бойынша Microsoft-ке қатысты ресми тексеру бастады.

Реттеуші Microsoft өзінің нарықтағы жағдайын артығымен пайдаланып, Еуропадағы байланыс қызметі саласындағы бәсекелестікті шектейді деп қауіптенеді.
Microsoft сонымен қатар Microsoft 365 және Office 365 нұсқалары бар басқа қолданбалардың өзара үйлесу мүмкіндігін кеңейтуді көздеп отыр.

Microsoft жариялаған шаралар ЕО-ты алаңдатып отырған екі негізгі мәселені шешеді. Біріншіден, Office тұтынушылары Teams -сіз, бағдарламалар топтамасын төмен бағамен сатып алуды таңдай алады. Екіншіден, Microsoft бағдарламалық топтамасы мен өнімдерімен және Teams-пен бәсекелесетін бағдарламалық шешімдер арасындағы өзара әрекеттесу жеңілдейді.

Teams алынып тасталған соң Microsoft 365 және Office 365 бағдарламалық пакеттері тұтынушылар үшін айына 2 еуроға арзандайды. Жаңа тұтынушылар үшін бейнеконференцбайланыс қызметіне жазылу айына 5 еуро немесе жылына 60 еуро болады.

Компания қабылдаған шаралар ЕК-нің барлық алаңдаушылығын міндетті түрде жояды деп күтпейтінін, бірақ бұл «нарықта дереу және маңызды өзгерістерге әкелуі мүмкін маңызды қадам» деп санайды.

«Біз ЕО-мен жұмыс істеуді жалғастырамыз, нарықтың алаңдаушылығын тыңдаймыз және Еуропадағы тұтынушыларға да, әзірлеушілерге де пайда әкелетін прагматикалық шешімдерді зерттеуге ашықпыз», – дейді Microsoft-та.


Бейсенбі күнгі алдын ала сауда барысында компания акциялары тұрақты. Биылғы жылдың басынан бері олардың құны 37 пайызға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз