2024 жылдан бастап ең төменгі еңбекақы 85 мың теңге болады

Жарияланды

Азаматтардың табысын арттыру үшін елімізде 2024 жылдан бастап ең төменгі еңбекақы көлемі ұлғаятын болады. Ол 85 мың теңгеге жетеді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Жолдауында мәлім етті.

«Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айытнша, жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек.

Сонымен қатар, жұмыс орындағы жарақат алу деңгейінің жоғары екеніне назар аударды, Президент. Үкімет 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын, жыл соңына дейін қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Бұл құжат жұмыс орнындағы кәсіби сын-қатерлердің алдын алуға және жоюға бағытталуы керек.

Сонымен қатар, Үкімет зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктерін әзірлеген.

«Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленеді. Парламенттен Үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұраймын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ оқыңыз