Bloomberg Billionaires Index (BBI) рейтингінің деректері бойынша 2023 жылдың қаңтарынан бастап әлемдегі ең бай он кәсіпкердің жалпы байлығы 420,5 миллиард долларға артты.
Бұл рейтинг кәсіпкерлер иелік ететін компаниялардың акцияларының құны негізінде есептеледі. Әлемдегі ең бай адам әлі күнге дейін американдық кәсіпкер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск болып табылады. Жыл басынан бері оның байлығы 98,4 миллиард долларға өсіп, 235 миллиард долларды құрады.
Екінші орында француздық LVMH (Moet Hennessy — Louis Vuitton) люкс өндірушісінің иесі Бернар Арно тұр. Оның байлығы жыл басынан бері 23,9 миллиард долларға өсіп, қазіргі уақытта 186 миллиардқа жетті. Amazon негізін қалаушы Джефф Безос әлі де үшінші орында тұр. Жыл басынан бері кәсіпкер байлығы 55,4 миллиард долларға артты. Яғги қазіргі таңда оның байлығы 162 миллиардқа бағаланады.
Oracle IT компаниясының негізін қалаушы Ларри Эллисон рейтингтің бесінші қатарынан төртінші орынға көтеріліп, жыл басынан бері 42,5 миллиард доллар (жалпы байлығы 134 миллиард) табыс тапты. Ал Microsoft негізін қалаушы Бил Гейтс төртіншіден бесінші орынға түсті. Жыл басынан бері кәсіпкер 19,9 миллиард доллар (жалпы байлығы 129 миллиард) табыс тапты.
Ғаламшардағы ең бай он адамның қатарына Google негізін қалаушы Ларри Пейдж. Оның байлығы 123 миллиард долларды құрайды. Кәсіпкердің байлығы жыл басынан бері 39,8 миллиард долларға артты.
Berkshire Hathaway басшысы Уоррен Баффет (121 миллиард доллар, жыл басынан бері 13,2 миллиард доллар), Google негізін қалаушы Сергей Брин (116 миллиард доллар, жыл басынан бері 37 миллиард доллар), Microsoft корпорациясының бас директоры Стив Балмер (114 миллиард доллар, жыл басынан бері табысы 28,3 миллиард).
Өткен айда жетінші орында тұрған meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг рейтингтің оныншы сатысына түсті. Оның байлығы 108 миллиард долларды құрады. Яғни оның жыл басынан бері қалтасы 62,1 миллиард долларға қалыңдады.