Біздің әскер жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етілуі тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

Жарияланды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның әскери-өнеркәсіп кешенін дамыту басты бағыттардың бірі екенін айтты.

«Тағы бір маңызды мәселе – дамыған елдерде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын әскери-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту. Ең маңызды міндет – импортқа тәуелділікті төмендететін жоғары оқшаулауланған өндірістік цикл құру. Біздің армиямыз жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен, соның ішінде бронетранспортерлермен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, заманауи атыс қаруларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жабдықтарды жедел жөндеу үшін өндірістік қуатты күшейту, отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейту қажет», деді президент.

Оған еліміздің әлеуеті жететінін айтты. Яғни елемізде техникалық материалдық база бар. Бұл орайда Әкери-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры бұл салада алға жылжудың басты қозағаушы күшке айналмақ.

«Бізде тиісті материалдық-техникалық база, құзыреттер мен кадрлар бар. Оларға тиісті бөлімдерден бұйрық керек. Заманауи технологияларды трансферттеу және жаңа өндірістерді оқшаулау бойынша жұмысты жалғастыру керек. Әскери-өнеркәсіптік кешенді дамытудың арнайы қоры отандық кәсіпорындарды тікелей қаржылық қолдау тетігіне айналады», деді Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз