Мәдина Әбілқасымова санкцияға түскен BTБ банктің Қазақстанда қалай жұмыс істеп тұрғанын айтты

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова санкцияға түскен ресейлік BTБ банктің Қазақстанда қалай жұмыс істеп тұрғанын түсіндірді.

«Bereke Bank-ті былтыр «Бәйтерек» сатып алды. Олар әу бастан бұл банкті стратегиялық инвесторға сатамыз деді. Наурыздан бастап шетелдік инвестор тарапынан банкті бағалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Әңгіме Катар инвесторы жайында болып отыр. Қолда бар ақпарат бойынша, банкті бағалау жұмыстары 8 ай бойы жүргізіледі», – деді Мәдина Әбілқасымова Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

BTБ банк – Қазақстан аумағында жұмыстын жалғастырып жатқан ресейлік банк.

«Банкте барлық ықтимал нормативтер сақталған. Санкцияға түскен, алайда санкция аясында қолдануға болатын валюта – теңге және рубльмен жұмыс істеп отыр. Қазақстан мен Ресей арасында импорт және экспорт бойынша жұмыс істейді», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Ол сондай-ақ банкті сату бойынша шешімді акционерлер қабылдайтынын айтып өтті.

«Сбербанк» пен «Альфа» банкті ресейлік акционерлер сату туралы шешімге келген еді. BTБ банк Қазақстан аумағында жұмысты жалғастыра береміз деп шешті», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз