Жаңалықтар

Президент Әкімшілігінің құрылымы өзгерді: төрт бөлім қысқарды, жаңа лауазымдар пайда болды

Енді Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарған. Есесіне Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі. Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды.

ПӘ басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:

  • Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
  • Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
  • Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
  • Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылған.

Осы құжатқа сәйкес, Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымында Президент Әкімшілігінің Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Президент Кеңсесінің Бастығы, Президенттің көмекшілері, Президенттің кеңесшілері, Президент Әкімшілігінің бөлімдері болады.

Сонымен қатар, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар, экономикалық мәселелер, халықаралық мәселелер, құқықтық мәселелер, ғылым және инновация мәселелері бойынша көмекшілері лауазымдары жаңадан енгізіледі.

Президент Әкімшілігі – Қазақстан Республикасының Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган. Мемлекеттік кеңесші – Ерлан Қарин, ПӘ басшысы – Олжас Бектенов.