Tesla Қытайда Model S және Model X электромобильдерінің бағасын тағы да төмендетті

Жарияланды
тесла
Фото: Deposit Photos

АҚШ автомобиль өндіруші Tesla әлемдегі ең ірі электромобиль нарығы – Қытайда сатылымдарды ұлғайту мақсатында Model S және Model X флагмандық электромобильдерінің бағасын соңғы екі аптада екінші рет төмендетті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан MarketWatch басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін компания 2023 жылдың 16 тамызда Қытай нарығында көліктердің бағасын арзандатқанын мәлімдеген.

Model S-тің бастапқы бағасы бұрынғы 754,9 мың юаньмен салыстырғанда (7,4%-ға төмендеген) қазір 698,9 мың юаньды (96,137 мың доллар) құрайды.

Модель X 836,9 мың юаньнан (-11,8%) 738 мың юаньға арзандай түсті. Тамыз айының ортасында Tesla Model S құнын 6,7%-ға және Model X-ті 7%-ға төмендеткен болатын.

Бағаны қатарынан екі рет төмендету қарсаңында бұл көліктер Қытайда 808,9 мың юаньға және 898,9 мың юаньға саудаланып келген.

Америкалық компанияның BYD, Leapmotor және Geely сияқты жергілікті бәсекелестері де электр көліктері сатылымының төмендеуіне байланысты бағаларына өзгеріс енгізді. Осы жылдың қаңтарында басталған аталған компаниялар «баға бәсекесін» күшейтті.
Электромобильдер саудасы Қытай билігінің көліктің осы түрін сатып алу үшін субсидияны алып тастауы аясында төмендей бастады.

Бір қызығы, жұма күні таныстырылған автоөндірушінің ең арзан әрі ең көп сатылған моделі Tesla Model 3-тің жаңартылған нұсқасының құны 12% артып, 231,9 мың юаньнан 259,9 мың юаньға дейін қымбаттады. Төртінші тоқсаннан бастап Қытайда сатылады деп жоспарланған Model 3-тің басты ерекшелігі – алдыңғы модельдеріне қарағанда қуаты ұзаққа жетеді.

Сондай-ақ оқыңыз