АҚШ сауда министрлігінің сайты Қазақстанда фишингтік сайт ретінде анықталды. Соның салдарынан ресурс бұғатталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Бұл ретте ведомство сайтқа «Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесу туралы» мақаланың жариялануына байланысты тыйым салынбағанын атап өтті.
Сайтты бұғаттаудың себептері қандай. Министрлікте ақпараттық алаң Қазақстан заңнамасы талаптарының сақталуына үнемі тексеріліп отыратыны айтылды.
Мәселен, 2023 жылғы 26 сәуірде 21 фишингтік ресурс бойынша, оның ішінде «bis.doc.gov» сайты да болды. Сайтқа қол жеткізуді шектеу туралы нұсқама жіберілді.
«Осылайша, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік медиада қол жетімділікті шектеудің себебі Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесу туралы мақаланың жариялануы болды деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды», – деп атап өтті министрлік.
Сайтқа кіру қалпына келтіріле ме? Ведомство интернет-ресурс қызметінде бұзушылықтардың бар-жоғына қосымша тексеру жүргізетінін хабарлады.»bis.doc.gov» сайтында заң бұзушылық болмаған жағдайда қол жетімділікті қалпына келтіруге болады.