Фото: shutterstock.com
Қазақстан экономикасы тепе-тең өсімге қайтып жатыр. 2023-2025 жылдары Қазақстанның жалпы ішкі өнімі шамамен 4-5 пайызды құрайды. Ал жоғары инфляция ұзаққа созылады. Ел экспортының географиясы кеңейіп, Қытайдың негізгі сауда серіктесі ретіндегі рөлі одан әрі нығая түспек. Бұл – АКРА-ның Қазақстан экономикасына қатысты жасаған болжамы.
Агенттік сыртқы және ішкі факторлардың әсерін ескере отырып, сондай-ақ бұрын қабылданған бірқатар экономикалық және саяси шешімдерді іске асыру контекстінде Қазақстан экономикасының орта мерзімді дамуының ең ықтимал сценарийін қарастырған.
«Қазіргі кезде нақты ЖІӨ өсімі шамамен 4-5% құрайды. Биыл Қазақстан экономикасының өсу траекториясы оның әлеуеті деңгейінде (шамамен 4,5%) тұрақтанды. 2023 жылы өсім нақты сектор мен қызмет көрсету секторы есебінен бірдей болды, ал 2023–2025 жылдары ACRA деректері бойынша бұл арақатынас сақталады», делінген болжамда.
Сарапшылардың болжамы бойынша, қатаң ақша-несие саясаты біршама жұмсаруі мүмкін. Ал инфляция ұзақ уақыт жоғары болып қалыптасуы ықтимал.
«Белгісіздіктің артуынан бөлек, қаржыландыру көздері, сыртқы сауда бағыттары және экономикадағы мемлекеттің рөліне қатысты жаңа тәуекелдер мен құрылымдық өзгерістер орын алуы мүмкін. Бұл елдің экономикалық өсу әлеуеті, валюта нарығы, сондай-ақ тұтынушылық және өнеркәсіптік инфляцияға айтарлықтай әсер етуі мүмкін», дейді мамандар.
АКРА сарапшылары шикізат экспортының құрылымы мен географиясы бірте-бірте өзгеруі ықтимал дейді. Мұны қазірдің өзінде Қазақстанның негізгі сауда серіктесі ретіндегі Қытай рөлінің күшеюінен байқауға болады. Сонымен қатар, сыртқы сектор елдегі экономикалық белсенділікті нығайтудың ұзақ мерзімді негізі – сыртқы сектор болып қала береді. Ал оны шикізат бағасының жоғарылауы және шетелдік инвестициялар ағыны қолдайды.