Сенат Ұлттық банктің төрағалығына Тимур Сүлейменовтың кандидатурасын бекітті

Жарияланды

Фото: .kursiv.media

Сенат депутаттарына Ұлттық банк төрағасы қызметіне Тимур Сүлейменовтің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Kursiv.kz.

Палата отырысында мемлекет басшысының ұсынысын Президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов оқыды.

«Президент Ұлттық банк төрағасы лауазымына Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын ұсынады. Тимур Сүлейменов төрт жылдан астам уақыт Президент әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық бағытын басқарып, ауқымды экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруға белсенді атсалысты. Кезінде Ұлттық экономика министрлігін басқарды. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр болды. Ұлттық холдингтерде басшылық қызмет атқарды», – деді Бектенов.

Сенат Тимур Сүлейменовті Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді.
Айта кетейік, Конституцияға сәйкес ел президентінің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына Сенат келісім береді.

Бұған дейін Ұлттық банкті басқарған Ғалымжан Пірматов мемлекет басшысының бұйрығымен қызметінен босатылған.

Сондай-ақ оқыңыз