Төтенше жағдайда қоңырау шалуға арналған тағы бір тегін қызмет санаты пайда болды. Азаматтар отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Аманат» байланыс орталығына» тегін қоңырау шала алады. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын: « 10. Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111 Аманат» байланыс орталығы 111», делінген құжатта.
Бұл қызметті 111 нөмірі арқылы алуға болады. Жоба 18 қыркүйекке дейін талқыланып, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.