Планшет, сағат, калькулятор, камера: ұшақ багажында тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңа тізімі жарияланды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды. Жаңа талап бойынша, багажда литий немесе литий-ионды элементтері, сондай-ақ қосалқы батареялары бар портативті электронды құрылғыларды (планшет, сағат, калькулятор, камера, ұялы телефон, ноутбук, бейнекамера және т.б.) тасымалдауға тыйым салынады.

Бұл өзгеріс жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында әуе кемелерінің бортында электрондық құрылғылар мен электрондық темекілерді тасымалдауға қойылатын талаптарға елеулі өзгеріс енгізілген.

Сондай-ақ, багажда электронды темекі мен вейп тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Осыған байланысты жолаушылар:

  • ноутбук;
  • ұялы телефон;
  • камера;
  • планшет;
  • электронды темекі;
  • литий-ионды батареялары бар электронды құрылғылар;
  • қосалқы батареялар мен қуат банктерін қол жүгіне салуы қажет.

Сондай-ақ оқыңыз