Канадалық Zenith Energy Қазақстандағы 4 миллион баррель мұнай қоры бар кен орнын сатып алмақ

Жарияланды

Канадалық Zenith Energy Қазақстандағы 4 миллион баррель мұнай қоры бар активті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлайды.

Zenith Energy қазақстандық компаниямен мұнайға бай Атырау облысындағы тау-кен активін сатып алу туралы меморандумға қол қойған.

Хабарламада Қазақстандық компания COVID-19 пандемиясына дейін күніне шамамен 600 баррель мұнай өндіретін активтің 100% акциясына иелік ететіні жазылғанымен, компанияның атын нақтылнбаған. Канадалық компанияның мәлімдемесінде қазіргі уақытта өндіріс тоқтап тұр делінген.

Меморандум Zenith-ке активті бағалауға 90 күн берген. Мәміле техникалық және қаржылық сараптамадан кейін жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер тараптар келіссе, бұл мәміленің коммерциялық шарттары 2023 жылдың 30 қарашасынан кешікпей ресімделуі керек.

Сатып алынатын активтің мұнай қоры шамамен 4 миллион баррельге бағаланады.

«Біздің басқару тобымыз қазіргі уақытта 2023 жылдың 30 қарашасынан кешіктірмей транзакцияны ресімдеу мақсатында техникалық, қаржылық және заңдық тексеруді аяқтауға бағытталған», – дейді Zenith бас директоры Андреа Каттанео.

Zenith Energy Ltd. – Тунис, Италия және Конгода активтері бар тәуелсіз энергетикалық компания. Кмопанияның стратегиясы қазірдің өзінде дамыған мұнай, газ және энергия өндіруші активтерді дамытуға, сондай-ақ тәуекелі төмен барлау жұмыстарына бағытталған.

Оның акциялары Лондон қор биржасы мен Осло қор биржасының Euronext Growth алаңында саудаланады.

Сондай-ақ оқыңыз