Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Жарияланды

Фото: gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңа әкімін тағайындады.Бұрынғы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов облыс әкімі қызметін атқарады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ахметжанов туралы не білеміз?

1964 жылы Жезқазған облысында дүниеге келген. Қарағанды ​​мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдар ішінде Павлодар облысының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментін басқарды, Бас прокурордың орынбасары, Антикорды басқарды. 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы 2 қыркүйекке дейін Ішкі істер министрі қызметін атқарды.

Бұған дейін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев болған, 2 қыркүйекте ол Туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

1 қыркүйекте Президент төрт министрді қызметінен босатты:

  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев;
  • Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі;
  • Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов;
  • Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова.

2 қыркүйекте алты министр тағайындалды:

  • Ішкі істер министрі – Ержан Сәденов;
  • Сауда және интеграция министрі – Арман Шаққалиев;
  • Мәдениет және ақпарат министрі – Аида Балаева;
  • Көлік министрі – Марат Қарабаев;
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Светлана Жакупова;
  • Туризм және спорт министрі болып Ермек Маржықпаев тағайындалды.

Президент жаңадан құрылған Су министрлігін басқаруды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовке тапсырған еді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы СҚО әкімі Айдарбек Сапаровты Ауыл шаруашылығы министрі етіп тағайындады.

4 қыркүйек Ұлттық банктің басшысы да ауысып, Ғалымжан Пірматовтың орнына Тимур Сүлейменов келді.  Соныен қатар Президент Қанат Бозымбаевты өзінің кеңесшісі етіп тағайындады

Сондай-ақ оқыңыз