Қаржы пирамидасы: Аsar Baspana компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр

Жарияланды

Шымкентте қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен «ПК Asar Baspana» қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдік бойынша «ПК Asar Baspana» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті жүргізіп жатыр.

«Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Залал сомасы 700 млн теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», дедінген бюаспасөз хабаламасында.

«ЖК Asar Baspana»тұтыну кооперативінің құрылтайшылары – Нұрбол Туғанбаев пен Шоқан Мұсабаев. Компания түрлі жеке қызметтер көрсетумен айналысады. Компания 2019 жылдың 12 ақпанында тіркелген және Алматы қаласында орналасқан.

Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларның тізімін жариялаған болатын. Олардың біразына қатысты тергеу аяқталып қойса, біршамасына қатысты тергеу әлі де жүріп жатыр. Атап айтқанда «Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалын басқарған 5 адамның ісі сотқа жолданды.

Ал жұртты 769 млн теңгеге алдаған «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы департаменті жүргізіп жатыр. Сонымен бірге Астана тұрғындарын 450 млн теңгеге алдаған «Семейный капитал» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз