Квазисектордағы қай компанияларды IPO/SPO күтіп тұр?

Жарияланды
Фото: shutterstock

Жыл соңына дейін KEGOC акцияларының 5%-ы SPO-ға шығарылады. Бұл туралы жаңа үкімет құрамымен өткен алғашқы отырыста мәлім болды.

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің жаңартылған құрамымен бірқатар әлеуметтік-экономикалық міндеттерлі нақтылады. Ұлттық экономикамыздағы басты таяныштардың бірі – Квазимемлекеттік сектор субъектілері екендігін ескерсек, елдегі бірқатар компанияларды бәсекелестік майданында ширатуға тура келеді. Үкімет бұл бағытта бірнеше нысандарға IPO/SPO жүргізуді көздеп отыр.

Атап айтқанда, «осы жылдың соңына қарай КЕГОК компаниясында,, ал 2024 жылы – «Эйр Астана», 2025 жылы – «QazaqGaz», «Қазақстан Темір Жолы», «Самұрық-Энерго» компанияларында 5%-ға дейін IPO/SPO жүргізіледі деп күтіліп отыр. Халықтық IPO-да «ҚазМұнайГаз» IPO-сы сияқты ел азаматтарының өтінімдері басымдықпен қанағаттандырылады», делінген ақпаратта.

Елдің ұлттық әл-ауқатын арттыру әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейтін «Самұрық-Қазына» да ірі компаниялардағы өз үлесін қысқартады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Самұрық-Энерго» компаниясын екі кәсіпорынға бөлінетінін жазғанбыз. Олардың бірінде барлық көмір активтері қалады. SamrukGreenCo екінші компаниясына барлық жасыл активтер, оның ішінде СЭС және ЖЭК объектілері беріледі. Ол 2023-2024 жылдары IPO-ға шығарылады.

Ал «Эйр Астана» компаниясының нарықтағы «буынын қатайту» жайын мемлекет басшысын өзі арнайы мәлімдеген.

«Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. «Самұрық-Қазына» қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек. Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. QazaqGaz кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Қазіргі уақытта «Эйр Астана» компаниясының өкілдері де «мың құбылған» нарықтағы ахуалдың саябырсығанын күтетін сыңайлы. Естеріңізде болса:

«Біз дұрыс жолды таңдап, «Эйр Астананы» IPO-ға 2024 жылы шығаруды жоспарлап отырмыз. Сол уақытқа қарай халықаралық нарықтағы құбылмалы жағдай реттеліп қалар деген үміттеміз», – деген еді «Самұрық-Қазына» АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі бұрынғы басқарушы директоры Ернар Жанаділ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елдің байлығын, табысын азаматтардың арасында әділ бөлу қажет екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз