Шілде айындағы тұтынушы сенімі: Орталық Азия елдерінің қайсысының бәсі биік?

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Freedom Finance Global компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда тұтынушы сенімі индексі 101,5 пунктке жетті. Ел халқының жартысы экономиканың келешегі мен өзінің материалдық жағдайы мәселесіне келгенде айтарлықтай оптимистік көзқараста екен. Қала мен ауыл арасында оптимизмдегі айырмашылық аз. Мұнда да жастар болашақ материалдық жағдай мәселесінде оптимизммен ерекшеленеді. Бірақ экономиканың келешегі мәселесінде жас пен аға буын арасындағы айырмашылық күрт төмендеп барады. Ең оптимистік аймақ – Атырау облысы, онда оптимистердің орташа үлесі шамамен 64%-ды құрады, ал ең пессимистік өңірлер деп Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын атауға болады. Онда күтілетін мәселелер бойынша оптимистердің орташа үлесі 44%-ға ғана жетіпті.

Бұл туралы Freedom Finance Global сарапшысы Данияр Оразбаев айтып өтті. Freedom Finance Global компаниясының бастамасымен 2023 жылдың тамыз айында Орталық Азия елдеріндегі тұтынушы сенімі индексіне (CCI) арналған ауқымды ай сайынғы зерттеу басталды. Ол Еуропалық комиссия ұсынған әдістеме бойынша жүргізіледі және негізгі экономикалық көрсеткіштерді талдауға бағытталған: инфляциялық күтулер, жұмыссыздық деңгейі бойынша болжам, жинақтар мен кредиттерге көзқарас, ірі сатып алуды жоспарлау және кредиттік мінез-құлық.

Өзбекстандағы тұтынушы сенімі индексі шілде айында 134 пунктті құрады, бұл халық сенімінің жоғары деңгейін көрсетеді. Өзбекстандықтардың болашаққа қатысты бағалары да 154 пунктті құрап, жоғары деңгейде болды.

«Сауалнамаға қатысушылардың 50,6%-ы олардың материалдық жағдайы айтарлықтай жақсарады деп есептейді. Өзбек тілінде сөйлеушілердің арасында оптимистер көбірек болды (53%-ға 41% қарсы), ал ең позитив өңірлер – Наманган және Ферғана облыстары, онда оптимистердің үлесі 61%-ды құрады. Кіріс деңгейі бойынша саралау оптимистердің күтілетін бөлінуін көрсетті: кіріс деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, жеке болашаққа деген оң көзқарас пен сенім де артты. Өзбекстандағы экономикалық жағдайдың өзгеруі жеке материалдық жағдайы бойынша болжамдардан сәл төмен болып шықты», дейді сарапшы.

Өзбекстандықтардың материалдық жағдайдағы өткен өзгерістерге, сондай-ақ экономикалық жағдайға қатысты бағалары күткеннен әлдеқайда нашар екен. Ағымдағы жағдайдың жалпы индексі 121 пунктті құрады, бұл күтулер индексінен 32,5 пунктке төмен.

Сарапшының айтуынша, өзбекстандықтардың инфляция және инфляциялық күту тақырыптары бойынша берген жауаптарын бейтарап деп атауға болады. Соңғы айда адамдардың шамамен төрттен бір бөлігі және соңғы жылы 46%-ы күшті өсімді бөліп атайды. Басқа елдерде нәтижелер жоғары емес болып шықты және бұл ресми инфляция кезінде соңғы 5 жылда орташа 13,4% болды. Сонымен қатар Өзбекстан тұрғындарының инфляциялық күтулері, керісінше, айтарлықтай жоғары болып саналады: адамдардың 20%-ы бір ай ішінде, ал 33%-ы жыл бойы бағаның күшті өсуін күтеді. Өткен инфляцияның бейтарап бағаланғанына қарамастан, өзбекстандықтар қызмет көрсету тауарлары мәселесі бойынша жоғары белсенділік танытты, олардың пікірінше, олар күшті өсім көрсетті. Жауаптардың 33 нұсқасының орташа үлестік нәтижесі 32,6%-ды құрайды. Бұл респонденттің орта есеппен 11 жауап нұсқасын бергенін білдіреді. Үшінші орынды атаулардың арасында медициналық қызмет алды. Өзбекстандықтардың 43,5%-ы қызметтің осы түріне бағаның күшті өсуін байқаған.

«Өзбекстандықтардың 69,5%-ы жыл бойы долларға шаққандағы сомның әлсіреуін күтіп отыр, бұл пікірге азаматтардың 6,5%-ы ғана қарсы. Бір айдағы перспективада девальвациялық күтулер сәл төмен: мұнда респонденттердің 54,8%-ы ұлттық валютаның құлдырауын күтуде. Сондай-ақ 45%-ы елде жұмыссыздық артады деп есептейді, ал адамдардың 24%-ы кері пікірде», дейді сарапшы.

Қырғызстанда шілде айында тұтынушы сенімі индексі 127,4 пунктті құрады, бұл оптимизмнің бар екенін көрсетеді. Сондай-ақ адамдардың болашаққа қатысты күтулері ағымдағы жағдайды бағалаумен салыстырғанда әлдеқайда оптимистік болып шықты.

Қырғызстандықтардың болжамынша, перспектива күтулері жеке материалдық жағдайы мен экономикадағы жалпы жағдай арасында біртекті болып шықты. Жеке материалдық жағдайдың өзгеруін күту индексі 146,3 пунктті, қысқа мерзімді перспективада экономикалық жағдайдың өзгеру индексі – 146,4, ал ұзақ мерзімді перспективада – 152,2 пунктті құрады. Олардың материалдық жағдайы таяу жылы нашарлайды деп санайтындардың үлесі өте төмен – 3%. Ал респонденттердің 60%-ы жеке материалдық жағдайының жақсаруын күтеді.

Олар қазіргі жағдайды бағалау мәселелері бойынша да белсенді. Респонденттердің 3%-ы ғана ағымдағы материалдық жағдай туралы сұраққа жауап бере алмады. Респонденттердің жартысына жуығы (49%) соңғы 12 айда олардың жағдайы жақсарды деп есептейді.

Қырғызстандағы инфляцияны бағалау әсіресе өңірдің басқа елдерімен салыстырғанда шілде айында айтарлықтай жоғары деңгейде болды. Қырғызстандықтардың 40%-ы өткен айда бағалар қатты өсті, ал 62%-ы соңғы жылы бағаның өсуі бұрынғыға қарағанда тезірек жүрді деп есептейді. Бірақ ең маңыздысы, қырғызстандықтардың инфляциялық болжамы, керісінше, өте төмен деңгейде. Респонденттердің 9,5%-ы ғана бағалардың таяу айда өте қатты өсетінін және 12,4%-ы – бағалардың алдағы 12 айға қарағанда тезірек өсетінін көрсетті.

Жекелеген тауарлар мен қызметтерге келер болсақ, қырғызстандықтарды көкөніс пен жеміс-жидек (44,8% осы тауарды атап өтті) және өсімдік майы (44,4%) бағасының өсуі толғандырды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде адамдардың көбісі бензин мен жанар-жағармай бағасының өсуін (18%) уайымдайды. Қызметтер арасында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бағасы алаңдатады.

Ел тұрғындарының 16,7%-ы бір ай ішінде және 29%-ы жыл бойы сомның әлсіреуін күтеді. Бұл сұрақтарға жауап беруге қиналғандардың үлесі одан да жоғары, орта есеппен 39% болды. Сондай-ақ, тұрғындардың 33%-ы қазір банктік депозиттер үшін жақсы уақыт, 24%-ы несие алу үшін жақсы уақыт деп есептейді.

Тәжікстандағы тұтынушы сенімі индексі шілде айында сондай-ақ 133,7 пунктті құрады, бұл халықтың сенімділігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Аталған елде болашақты бағалау ең жоғары болып шықты: күтулер индексі 163,6 пунктті құрады.

«Адамдардың көбісі мемлекеттегі экономикалық ахуал бес жылдан кейін біршама жақсы болатынына сенімді. Мұндай респонденттердің үлесі 72%-ды құрады. Сондай-ақ 12 айдан кейін экономикалық ахуалдың күтулері жоғары болып шықты: шарттар біршама жақсы болады деп санайтындардың үлесі 71%-ға жуық жетті. Бірақ жеке материалдық жағдайға қатысты жағдай онша оңтайлы емес. Тәжікстандықтардың тек 37%-ы ғана жағдайларының бір жыл ішінде едәуір жақсаратынын күтсе, 24%-ы жақсарудың аз болатынын айтты. Бұл мәселеде жастардың Тәжікстанда да күтулері сәл де болса оптимисті», дейді эксперт.

Сарапшының айтуынша, тәжікстандықтардың жеке материалдық жағдайындағы өткен өзгерістерге, сондай-ақ экономикалық жағдайға қатысты бағалары Орталық Азияның басқа елдеріндегі сияқты күткендегіден әлдеқайда нашар. Дегенмен ағымдағы жағдайдың жалпы индексі 116,8 пунктті құрады, бұл бәрібір оң көрсеткіш кепілі. Елдегі қазіргі материалдық жағдай мен экономикалық ахуалға келер болсақ, тәжіктіктердің бағасы әлдеқайда жақсы. 10%-ы ғана өздерінің материалдық жағдайының соңғы жылы нашарлап кеткенін айтады, 11,6%-ы ғана экономикалық жағдайдың нашарлауымен келіседі. Тағы да айта кетейік, оптимистердің басым бөлігі – жастар мен ауыл тұрғындары.

Респонденттердің 23,5%-ы соңғы айда бағаның күшті өсуін, 24,4%-ы соңғы 12 айда бағаның айтырлықтай жылдам өсуін атап өткен. 9%-ы бір ай ішінде, ал 12%-ы жыл бойы бағаның күшті өсуін күтеді. Тұтастай алғанда Тәжікстанның инфляциялық көрсеткіштері ресми инфляцияның төмендігі аясында барлық елдер арасынан ең аз болып шықты. Екінші жағынан, инфляция бойынша сұрақтарға жауап беруге қиналғандардың айтарлықтай жоғары үлесі тіркелген. Оларды азық-түлік бағасының өсуі көбірек алаңдатады.  

«Ел тұрғындарының 27,5%-ы ғана жыл бойы және бір айдың ішінде 19%-ы долларға қатысты сомның әлсіреуін күтеді. Дегенмен жауап беруге қиналғандардың жоғары деңгейін атап өтпекпіз: Респонденттердің 41%-ы алдағы 12 ай ішінде жұмыссыздық көбейеді деп күтеді. 55%-ы банктік салымдар үшін қазіргі жағдайдың жақсы екендігін, ал 30,5%-ы несие алу үшін жақсы уақыт деп есептейді. Алайда бұл алдағы 12 айда несие алу жоспарлары туралы тікелей мәселеге қайшы келеді: оған респонденттердің 13,5%-ы ғана оң жауап берді», дейді сарапшы.

Ал қазақстандықтардың 17%-ы ғана экономиканың жақсарғаны жайында айтса, тұрғындардың 48%-ы мұнымен түбегейлі келіспейді. Материалдық жағдайды бағалау біршама оң: халықтың 35%-ы соңғы жылы оның жақсарғанын атап өтеді. Бұл мәселеде жастар салауатты оптимизм көрсетті.

«Шілдеде қазақстандықтардың инфляциялық болжамдары айтарлықтай жоғары болды. Тұрғындардың 78,5%-ы соңғы айда баға өсіп кетті деп есептейді, ал соңғы жылы олардың үлесі 84%-ды құрады. Келесі айға да, жылға да инфляциялық күтулер салыстырмалы түрде жоғары деңгейде. Қазақстандықтарды азық-түлік бағасының өсуі де алаңдатады. Сонымен қатар, 10-орынға бензин мен жанар-жағармай жайғасты, ал 11-орынға тұрмыстық химия мен жуу құралдары орналасты. Теңгенің перспективасына келетін болсақ, тұрғындардың жартысынан астамы ұлттық валютаның бір жыл ішінде, ал 29%-ы – бір ай ішінде әлсіреуін күтеді. Сондай-ақ қазақстандықтардың шамамен 41%-ы жұмыссыздықтың артуын болжайды. Тұрғындардың үштен бірі қазір банктерге қаржы салу үшін жақсы уақыт деп есептейді. Бұл ретте қазақстандықтар несиені онша ұнатпайды, тек 16%-ы ғана қазір несие алатын уақыт деп есептейді, бірақ 20,5%-ы оны алдағы 12 айда алуды жоспарлап отыр», дейді сарапшы.

Жалпы тұтынушы сенімі индексі бойынша Қазақстаннан басқа барлық елдер шілде айында жоғары нәтиже көрсеткен. Бұл ретте индекс шекарадан 100 ұпай жоғары болып шықты, бұл халық арасында айтарлықтай оптимизмді көрсетеді. Осыған ұқсас көрініс ағымдағы жағдайды болжау мен бағалау көрсеткіштері бойынша да байқалады, олар Қазақстанда айтарлықтай төмен. Сондай-ақ барлық төрт елде де болашақ болжамдар ағымдағы жағдайды бағалаудан анағұрлым жоғары екен.

«Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның төмен көрсеткіштері жалпы ішкі өнімнің әлсіз өсуі және көршілерге қатысты инфляцияның әлдеқайда жоғары болуы жағдайында қалыптасқан болуы мүмкін. Мәселен, Қазақстанда ЖІӨ-нің орташа өсімі соңғы 5 жылда 2,7%-ды құрады, ал Тәжікстанда – жылына 7,3%, ал Өзбекстанда – 5,3%. Қырғызстанның орташа нәтижесі ұқсас болса да (2,6%), бұл ел пандемиялық 2020 жылдан кейін едәуір тез қалпына келіп, тиісінше 2021 және 2022 жылдары 6,2% және 7% өсім қарқынын көрсетті. Қазақстанның ЖІӨ-нің салыстырмалы түрде жоғары базасы бар екені түсінікті, одан жылдам қарқынмен өсу қиынырақ. Бірақ экономиканың баяу өсуі адамдардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізетін көрінеді. Екінші жағынан, 2023 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2022 жылғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Мұның алдағы уақытта тұрғындардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін көре жатармыз. Сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстандағы адамдар экономикалық жағдайды жеке материалдық жағдайдан гөрі жақсы бағалайтынын атап өту маңызды. Бұл Өзбекстан мен Қазақстанмен салыстырғанда орташа жалақының төмен болуына байланысты болуы мүмкін. Бұл ретте Қазақстанда жеке материалдық жағдайды және экономикалық ахуалды бағалау арасындағы айырмашылық айтарлықтай жоғары, бұл өңірдегі ең жоғары жалақымен расталады», деп түсіндіреді мамандар.

Сондай-ақ оқыңыз