«Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі тоқтамады: комиссия сараптама жүргізіп жатыр

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан болған топтық апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы әлі де жалғасып жатыр. ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша қазір мамандар сараптама жүргізіп жатыр.

«Қазір шахтаның апаттық участкесінде 13 бөгет тұрғызылды. Тағы 11 бөгет тұрғызу бойынша жұмыстар жалғасуда. 27 тау-кен құтқарушы және шахтаның 45 жұмыскері жұмылдырылған. Сонымен қоса, тау-кен құтқарушыларымен өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жалғастыруда», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмаған.

Еске сала кетсек, 17 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында апат болды. Мұнда конвейер таспасынан өрт шықты. Өрт салдарынан 5 кенші опат болды.

22 тамызда ТЖМ шахтадағы жағдайдың жақсармағанын, өртті сөндіру үшін гипс бөгеттер салынатынын хабарлады.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан» шахтасындағы өрттің ең алдымен кәсіпорын иесінің кінәсі екенін айтты.

Ал Ерлан Қошанов «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының Қазақстан нарығында қалу-қалмауына қатысты тиісті шешімді жақын арада қабылдайтынын айтты. 

Сондай-ақ оқыңыз