2022 жылы әлемде мультимиллионерлер саны 5,4%-ға азайған

Жарияланды
Фото: kursiv.media

2022 жылы байлығы 30 миллион доллардан асатын мультимиллионерлердің саны азайған. Бұл көрсеткіш 2018 жылдан бері алғаш рет 5,4%-ға азайып, олардың саны 395 070 адамды құраған. Бұл деректер Wealth-X компаниясының есебінде жарияланды.

Аса дәулетті адамдардың жиынтық қаражаты шамамен 5,5%-ға төмендеп, 45,4 триллион долларды құраған. Wealth-X есебіне сәйкес бұл рекордтық көрсеткіш.

Украинадағы соғыс салдары мен геосаяси шиеленістің өсуі, шикізат бағасының күрт өсуі, сондай-ақ Қытайдағы Covid-19 пандемиясына байланысты локдаундар осындай нәтижелерге әкелген. Бұған қоса, әлемдік орталық банктердің инфляцияның өсуіне жауап ретінде ақша-несие саясатын қатаңдатуға бағытталған әрекеттері де бұл көрсеткіштерге әсер етті.

«Мұның бәрі капитал нарықтарындағы тәуекелдер мен кірістерді байыпты қайта бағалауға алғышарттар жасады, облигациялар нарықтары құлдырады, жетекші қор индекстері екі есеге төмендеді», делінген хабарламада.

Мультимиллионерлер саны:

  • АҚШ-та – 4,3%-ға, 129 665 адамға;
  • Қытайда – 7,1%-ға 47190 адамға;
  • Германияда – 9,3%-ға 19590 адамға;
  • Жапонияда – 21,9%-ға 14940 адамға;
  • Гонконг – 23%-ға 12 615 адамға, (2022 жылғы ең күшті төмендеу);
  • Францияда – 11,9%-ға, 11980 адамға дейін азайған.

Жалпы Еуропада мультимиллионерлер саны 7,1%-ға азайып, 100 850 адамға жеткен.

«Ковид шектеулерінің алынып тасталуы және саяхаттар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардың өсуіне байланысты құрылған бастапқы оптимистік болжам Украинадағы соғыстың басталуына байланысты күрт тоқтады», делінген хабарламада.

Бір қызығы, бизнес үшін ауыр болған бұл жылы мультимиллионерлердің саны артқан жалғыз ел – Үндістан болған. Онда аса дәулеттілердің жалпы байлығы +3,2%-ға артып, 8880 адамды құраған. Бұған Үндістандағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы және күшті тұтынушылық сұраныс пен экономикаға капитал ағыны әсер еткен.

Wealth-X сондай-ақ 2022 жыл миллиардерлер үшін де сәтсіз болғаны туралы жазды. Әлем бойынша миллиардерлер саны 2018 жылдан бері алғаш рет 3,5%-ға қысқарып, 3194 адамды құраған.

Сондай-ақ оқыңыз