Күріш – 467, күнбағыс майы – 770 теңге: ресми статистика мен базар нарқы сай келе ме?

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1% төмендеген. Ал ал жылдық мәнде 6,5% өскен.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Мәселен, еліміз бойынша 1 келі қарақұмықтың орташа бағасы 331 теңге болса, 1 литр күнбағыс майы 770 теңгеден сатылады.

Бірінші сортты бидай ұнының келісі 226 теңге болса, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нанның орташа бағасы 187 теңгені құраған. Ресми статиска күріштің келісі 467 теңге болды. Ал тұздалмаған сары май бағасы 3827 Сиырдың жауырын-төс бөлігінің еті 2477 теңге екен. Тауықтың сан еті 1219 теңгеден саудаланып жатыр.

Пастерленген 2,5% сүттің бағасы литріне 377 теңге болса, 2,5 пайыздық айранның орташа бағасы 413 теңге. Сүзбе – 2080, картоп- 162, сәбіз -195, басты пияз – 132 теңге. 1 келі қырыққабат – 171, 1 келі құмшекер- 427 теңге 10 жұмыртқа бағасы 457 теңге болса, тұз 65 теңгеден сатылады.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Тамызда айлық инфляция 0,7%-ды, жылдық деңгейі 13,1%-ды құрады.

Өмір сүру деңгейіне қатысты рейтингте Қазақстан 140 елдің ішінде 91-орында тұр. Қазақстанның индексі бұл рейтингте 25,4-ті құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз