Қытайдың iPhone телефондарына тыйым салуына байланысты Apple акциялары екі күнде 5,1%-ға құлдырады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Бейсенбіде Apple акциялары Қытайдың мемлекеттік компанияларға iPhone телефондарын ұстауға тыйым салу жоспарына байланысты 5,1%-ға төмендеді. Apple акциялары екінші күн қатарынан құлдырауда, американдық компанияның капиталдандыруы 200 миллиард долларға төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Bloomberg.

Bloomberg мәліметінше, 2023 жылдың 7 қыркүйегінде тіркелген бағалы қағаздар құнының төмендеуі тамыздан бергі ең күшті құлдырау болған.

Жалпы Apple акциялараның баға белгілері Қытайдағы оқиғалармен тығыз байланысты. Бұл нарық корпорация үшін ең жоғары басымдыққа ие. Себебі iPhone телефоны жеке тұтынушылар арасында да, Қытайдағы мемлекеттік қызметкерлер арасында да кеңінен пайдаланылады.

Apple акцияларының құлдырауы бүкіл американдық нарыққа әсер етуде.

«Nasdaq индекстері құлдырап жатыр. Өйткені Apple компаниясы көптеген мега-капитализациясы бар технологиялық компанияларды құртып жатыр», дейді OANDA брокерінің нарық талдаушысы Эдвард Моя.

Расында, салдарынан NASDAQ-100 технология секторының индексі 1%-ға төмендеген.

Еске сала кетсек, 6 қыркүйекте Қытай үкіметі мемлекеттік қызметшілерге жұмыста iPhone пайдалануға тыйым салғаны хабарланғанда, басылымдар мұның Apple компаниясының елдегі сатылымына теріс әсер етуі мүмкін екенін жазды. Себебі бұл нарық техногиганттың жиынтық кірісінің шамамен 19%-ын құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз