Юань құлдырауы мен мұнай бағасы. Америка банктері қанша жоғалтты?

Жарияланды
Фото: Pixabay

Қытай экспорты тамыз айында сарапшылар болжағаннан азырақ қысқарды. Алайда юаньның долларға қатысты бағамы 2007 жылдар бергі ең төменгі деңгейге түсіп, мұнай бағасы да құлдырады. Әлемдік БАҚ 7 қыркүйек осы және басқа да тақырыптарды қозғады.

FDIC тоқсандық есебін жариялады

Депозиттерге кепілдік беру жөніндегі федералдық корпорация (FDIC) 3 АҚШ банкінің жы басында сәтсіздікке ұшырауы банк секторы жалпы кірісінің 11,3%-ға төмендеуіне әкеп соққаны жазылған есебін жариялады.

АҚШ-тың 4645 коммерциялық банкі мен жинақ мекемелерінің жиынтық табысы 9 миллиард доллар азайып, 70,8 миллиард долларды құрады. KBW Nasdaq BKX банк индексі 0,8%-ға, ал Select XLF қаржы секторының биржалық сауда қоры SPDR 0,1%-ға төмендеді.

FDIC банк секторы инфляция, жоғары пайыздық мөлшерлеме және геосаяси белгісіздік сияқты елеулі қиындықтармен бетпе-бет келгенін айтады.

«Бұл тәуекелдер коммерциялық жылжымайтын мүліктің негіздеріне қатысты алаңдаумен, сондай-ақ қаржыландыру деңгейлері мен таза пайыздық маржаларға қысыммен үйлеседі, FDIC-тің тұрақты бақылауында болады», – деді Мартин Грунберг.

Қытай юаны соңғы 16 жылда қатты құнсызданды

Қытай валютасының долларға шаққандағы бағамы 2007 жылдан бергі ең төменгі деңгейді құрады, деп хабарлайды Financial Times. Бейсенбіде 1 доллар 7,3259 юань болды. Жыл басынан бері юанның долларға шаққандағы бағамы 6%-ға құлдырады. Оған елдегі экспорт көлемі қысқарды деген дерек кері әсер етті.

Осылайша, Қытай экспорты тамызда 8,8% азайса, импорт 7,3% төмендеген. Тамыз айында экспорт сарапшылар болжағаннан азырақ төмендеді. Reuters сауалнамасына қатысқан сарапшылар экспорт 9,2% қысқарады деп болжаған.

Қытай саудасы елдегі экономикалық белсенділікті әрдайым, тіпті карантин кезінде де қолдап отырған. Бірақ шетелдік сатып алушылар жоғары инфляцияға байланысты сатып алуды қысқартқандықтан, экспорттаушылар биыл қиындыққа тап келіп отыр.

Нәтижесінде Қытайдың экономикалық өсімі төмен болды. ЖІӨ 2023 жылдың екінші тоқсанында алдыңғы үш аймен салыстырғанда небәрі 0,8%-ға өсті. Тұтынушылардың көңіл-күйі де шілдеде бағаның дефляциясына әкелді, ал өндірістік белсенділік 5 ай қатарынан баяулап жатыр.

Мұнай бағасы да арзандады

West Texas Intermediate маркалы мұнай 0,7%-ға арзандап, барреліне 86,94 долларды құрады, деп хабарлайды Bloomberg. Қазіргі уақытта АҚШ-тың мұнай қоры азайып келеді деген жаңалыққа қарамастан, баға барреліне 86,83 долларды құрады. Трейдерлер Қытайдағы макростатистикаға назар аударып, Brent маркалы мұнай 0,2 пайыз жоғалтты.

АҚШ-та жұмыссыздық туралы өтініштер азайған

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ол 2023 жылдың ақпанынан бергі ең төменгі деңгейге жеткен, Өткен аптада алғашқы өтініштердің саны 216 мыңды құрап, сарапшылар болжағаннан әлдеқайда төмен болған. Айта кетейік, бір апта бұрын бұл көрсеткіш 229 мың еді. Reuters сауалнамасына қатысқан экономистер тамыз айының соңғы аптасында жаңа өтініштер саны 234 мыңға дейін өседі деп болжаған. Еңбек нарығында шиеленіс сақталып отыр.

Есеп сонымен қатар инфляцияны 2% мақсатты деңгейге дейін төмендету үшін күресте Федералды резерв жүйесінің негізгі көрсеткіші – еңбек шығынының бір жылда 2,2% өскенін көрсетті. Бұл алдыңғы кезеңнен (1,6%) көп.

Қысқа-нұсқа

Танымал американдық инвестор Роб Арнотт Nvidia акцияларын АҚШ қор нарығында құлдырауды тудыруы мүмкін «көпіршік» деп атаған. Бұл турады Business Insider жазады.

JPMorgan стратегінің талдауына сәйкес, инвесторлардың алтынға салған инвестициясы кейінгі 11 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.

Бейсенбіде Apple акциялары Қытайдың мемлекеттік компанияларда iPhone телефондарын пайдалануға тыйым салуына байланысты 2,92%-ға арзандады.

Еуростат жариялаған қорытынды бағалауға сәйкес, Еуроаймақтың маусымдық түзетілген ЖІӨ-сі 2023 жылдың екінші тоқсанында 0,1%-ға өсті.

Ресей Федерациясының Орталық банкі қолма-қол ақшаны халыққа сатуға қойылған шектеуді алып тастады, бірақ оны шетелде алу және алу шегін сақтап қалды.

Wealth-X мәліметтері бойынша, 2022 жылы таза құны 30 миллион доллардан асатын мультимиллионерлердің саны 2018 жылдан бері алғаш рет 5,4 пайызға төмендеп, 395 070 адамға жетті. Олардың жалпы байлығы 5,5%-ға азайып, 45,4 триллион долларды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз