Жаңалықтар

Бүгін Үндістанда G20 саммиті басталады

«Үлкен жиырмалықтың» дәстүрлі саммиті бүгін басталады. Ауқымды шара қыркүйектің 9-10 күндері өтеді. Биылғы жиынға Ресей және Қытай басшылары қатыса алмайтынын мәлімдеген. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.

Нью-Делиде екі күндік G20 саммитіне оған қатысушы елдерден басқа тағы тоғыз мемлекет-Бангладеш, Египет, Маврикий, Нидерланды, Нигерия, Оман, Сингапур, Испания және БАӘ шақырылды.

«Үлкен жиырмалыққа» Аргентина, Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Еуропалық Одақ, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка және Жапония кіреді.

Саммитте халықаралық сауда, кедейлікпен күрес, білім, денсаулық сақтау, климаттық өзгеріс сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

2022 жылы G20 саммиті Индонезия болды. Саммит 15-16 қыркүйек аралығында Балиде өтті. Кездесудің нәтижесінде G20 өкілдерінің көпшілігі Ресейдің Украинадағы әрекеттерін «қатты айыптайды» деген құжатты қабылдады.