Жаңалықтар

Қырғызстан EVSIS-ті электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын салуға шақырады

Қырғызстанның экономика және сауда министрлігі мен Кореяның EVSIS Co  LTD электр зарядтау станцияларын шығаратын компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы 24 kg сайты хабарлады.

Қырғыз делегациясы EVSIS зауытының өзінде электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын өндіру процесімен танысты. Компания Hyundai, KIA және BMW сияқты ірі автоконцерналарға қызмет көрсетумен қатар, өндірістен бастап басқару мен техникалық қызмет көрсетуге дейінгі толық циклды жүзеге асырады.

«Қол қойылған келісім электр зарядтау станцияларын өндіру және зарядтау инфрақұрылымы саласында тәжірибе алмасу саласындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға бағытталған», — деді экономика министрлігі.