Жапония Украинамен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздерді бастауға дайын

Жарияланды

Жапония СІМ басшысы Ёсимаса Хаяси Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу барысында Токио Киевпен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздерді бастауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Интерфакс ру сайты.

«Хаяси Зеленскийге Жапония шілде айында НАТО Саммиті кезінде жасалған» Үлкен жетілік» пен Украина арасындағы келісім негізінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздерді бастауға дайын екенін айтты», – деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Киевке келген жапон Сыртқы істер министрлігінің басшысы Украина президентіне Жапония Украинаны одан әрі қолдайтынын және G7 елдерімен ынтымақтастықта Ресейге қарсы санкциялар енгізетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз