Тарихи сәт: қазақстандық шахматшылар алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

Жарияланды

5 қыркүйек, Польша мемлекетінде шахматтан әйелдер арасында әлем чемпионаты бастау алды. Қазақстан құрама командасының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Олардың қатарында Астаналық спортшылар Меруерт Камалиденова мен Әмина Қайырбекова қарсыластарын басып озып, финалдық ойындарға тікелей жолдама алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Атаулы жарыс 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді, биыл Қазақстан бірінші рет финалға жолдама алып отыр.

Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 12 мемлекеттен 70-ке жуық спортшы қатысып, бақ сынауда.

Сондай-ақ оқыңыз