Жаңалықтар

Берік Уәли ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.Бұл туралы Ақорда ресми сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», – деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтінішіне сәйкес босатылды.

Айта кетейік, Президенттің бес күн бұрын тағайындалған баспасөз хатшысы денсаулығына байланысты қызметінен бас тартты.