Қытайдың 100 жетекші бренді әлемдік сауда нарығына мықтап тамыр жайды. BrandZ Top 100 Most Valuable Chinese Brands өзінің жыл сайынғы есебінде 100 брендтің құны үшінші жыл қатарынан 1 трлн доллардан асқанын мәлімдеді.
Олардың жалпы құны биыл 1,01 трлн долларға жетіп жығылды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 19%-ға төмен. Дегенмен, 2014 жылдан бері санасақ, нәтиженің, шамамен, 3,7 есе өскенін бағамдаймыз.
Үш жыл қатарынан рейтингте бірінші орынды Tencent интернет алпауыты иеленіп тұр. Құны – 1 144,1 млрд доллар. Одан кейінгі сатыда Alibaba – 9 90,2 млрд доллар. Ал Moutai алкоголь сусындарын өндіруші – 8 88,4 млрд доллар, Douyin (қытайлық TikTok аналогы) – 4 46,6 млрд доллар.
Алғашы «үздік бестікті» түйіндеген телекоммуникациялық China Mobile өткен жылдағы бренд құнының ең маңызды өсіміне осы жылы жетті. Көрсеткіш – 38% – ға артып, 31,7 млрд-қа доллара жетті.
Ондық санаттағы көшбасшылар қатарынан құны 30,5 млрд доллар Meitan интернет-компаниясын, 27 млрд доллларға бағаланған Huawei телекоммуникациялық жабдықтарын өндірушісін көруге болады. Кейінгі сатыларда: Haier тұтыну техникасын шығаратын – 27 млрд доллар, Industrial & Commercial Bank of China (ICBC) – 26,5 млрд доллар және сату қызметін ұйымдастырушы JD.com – $24,8 млрд-пен тұр.
Қытайдың ең қымбат брендтерінің рейтингін Kantar агенттігі 2014 жылдан бері жасап келеді. Оны есептеу кезінде компаниялардың қаржылық көрсеткіштері және 25 мыңнан астам тұтынушылардың пікірлері ескерілетінін айта кеткен жөн.