Алматыда «Дикий Арманға» қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Жарияланды

Фото: ашық дереккөздерден

Бүгін Алматыда «Дикий Арман» лақапатымен танылған Арман Жұмагелдиев және қалалық мәслихаттың 7-шақырылымының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге қатысты сот отырысы баталды.

Айыпталушылар қатарында тағы 40-тан аса адам бар. 14 қыркүйек сағат 10:00-ге жоспарланған тыңдау, сағат 11:00-де басталды.

Арман Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 11 бабы, Қайрат Құдайберен 3 бабы бойынша айыпталуда. Жұмагелдиевтің өзі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр және отырысқа онлайн режимде қатысуда. Ал Қайрат Құдайберген сот залына келген

Сот отырысы басталған тұста Алматы сотының баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның баспасөз қызметі Жұмагелдиевтің қорғаушысына кіруге тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

онымен қатар сот залына бірқатар адамдар айыпталушылар кіретін қызметтік есік арқылы өтпек болғаннын хабарлады.

«Мына жайттарды түсіндіреміз: Процеске қатысушылардың барлығына N72-мекемеге бару, кіру маршруты туралы алдын ала ақпарат берілді. Бірқатар адамдар айыпталушылар кіретін қызметтік есік арқылы өтпек болған. Оларға мекеменің бас бақылау бекеті арқылы кіру схемасы қосымша түсіндірілді. Отырыс ашық режимде өткендіктен, ноутбуктарды, планшеттерді және басқа құрылғыларды пайдалануға тыйым салынбады», – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Алайда тергеу изоляторының аумағында ұялы байланысты пайдалану шектелгенін ескертті.

«Құрылғыларды пайдаланудағы мәселелер техникалық сипатта болуы мүмкін. N72-мекеменің ғимараты ерекше қорғалатын нысан болғандықтан, аумаққа кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде тексеру жүргізіледі», – деп хабарлады ведомствода.

Сот отырысы Алматының шетінде орналасқан Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің N72 мекемесінде өтіп жатыр. Істі судья – Асхат Әшірбеков өткізуде.
Алғашқы бөлігінде іс бойынша айыптылардың жеке басына қатысты ақпараттар жарияланды.

Судья Жұмагелдиевтен «Айыптау актісінің көшірмесін алдыңыз ба? Орыс тілінде сөйлей аласыз ба?» деп сұрады.

Ол айыптау актісінің көшірмесін алғанын, орыс тілін білетінін растады. Ары қарай судья өзге айыпталушыларға көшті. Сот отырысының бірінші бөлігі күдіктілерге қатысты ақпараттарды нақтылаумен өтті.

Еске сала кетсек, іс бойынша негізгі айыпталушылар қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысы бар деп айыпталып отыр.

ҚР Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 7 қаңтарында Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында «Дикий Арман» деген лақап атпен танылған Арман Жұмакелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталғанын хабарлады. Күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт автомат, сондай-ақ оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен брондалған автокөлік тәркіленді. Осы уақыт бойы Дикий Арман қамауда болды.

Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылымының экс-депутаты Қайрат Құдайберген өткен жылдың 22 сәуірінде қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды. Танымал блогер, бизнесмен содан бері қамауда отыр. Құдайберген тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Сонымен қатар тергеу нұсқасына сәйкес Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақ үйінде штаб ұйымдастырды деген айып тағылды.

2023 жылдың 6 қыркүйегінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс түсті.

Сондай-ақ оқыңыз