«Өнеркәсіпті дамыту қоры» KASE-ге 20 млрд теңге болатын акциялар орналастырмақ

Жарияланды
фото: frpk.org

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесі Қазақстан қор биржасына жалпы сомасы 20 млрд теңге болатын 10 мың жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).

Акцияның бағасы да хабарланды. Биржаның көрсетуінше, бір акцияның бағасы 2 млн теңге болмақ.

Құжатта жай акцияларды орналастыруға қатысты:

«Қоғамның жалғыз акционері акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен бір акция үшін 2 млн теңге болатын 10 000 жай акция орналастырылсын», – деп көрсетілген.

Бұған қатысты шешім 2023 жылдың 7 қыркүйегінде қабылданды.

KASE деректері бойынша Қордағы жарияланған жай акцияларының саны – 1 млн 436 мың 430 дана, орналастырылған жай акциялардың саны – 1 млн 236 мың 430 дана.

Орайы келгенде айта кетейік, Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында бірқатар жобаларды қаржыландырумен айналысады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым саласындағы импортты алмастыру жобаларын және экспортқа бағдарланған өндірістерді қаржыландырады. Сонымен қатар, Қазақстан қор биржасы  –  «Қазақстанның Даму Банкіне» еншілес ұйым саналады.

14 қыркүйек бойынша доллардың  ресми бағамы – 463,98 теңге / $1.

Сондай-ақ оқыңыз